Ерлан Қошанов: “Шалғайдағы ауыл балалары заман көшінен қалмауы керек”

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде аймақтағы білім беру мәселесіне ерекше тоқталып өтті, — деп хабарлайды ortalyq.kz

Аймақ басшысының мәлімдеуінше, бүгінде облыста ІТ-сыныптар ашу, балаларға заманауи білім беру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, алыс ауылдарда ІТ-сыныптар көптеп ашылуда.

“Шалғайдағы ауылда небір талантты балалар бар. Олар заман көшінен қалмай, сапалы білім алуы керек. Сондықтан да, ауыл мектептерін заманауи оқу құралдарымен жабдықтау ісін қолға алдық. Өткен жылы “Нұр Отан” партиясының бастамасымен Жаңаарқа ауданының барлық мектептерінде ІТ сыныптар ашылды. Алдағы уақытта бұл үрдіс  облыс аумағындағы аудандарды толығымен қамтитын болады”, — деді Ерлан Қошанов.