Жаңалықтар

Еркін елдің азат ұландары

    Балқаш қаласындағы «Балауса» балабақшасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілік өтті.

    Мақсаты – Тәуелсіздікті насихаттау, балалардың бейімділігін, танымдық дүниелерге қызығушылықтарын арттыру, тіл байлықтарын, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.

   Мерекелік шара «Шашу» биімен ашылып, еліміздің өткен өмір жайлы балдырғандар көрініс көрсетті. Ертеңгілік әр топтың жасына сай қызықты жоғары деңгейде өрбіді. Балалар мәнерлеп өлең оқып, би биледі, сахналық қойылым көрсетіп, ағылшынша тілдесіп, жиналғандарды риза қылды. Бабаларымыздан өмір жолы, тарихи кезеңдерін қамтыған бүлдіршіндер Өтен батыр арқылы Тәуелсіздік туралы тағылымды қойылымды тарту етті. Ұлттық спорттық шаралар ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының рәміздеріне байланысты тақпақтар айтты. Өнерлерін ортаға салған балғындарға сый-сияпат жасалды. Ертеңгіліктің шымылдығы «Елбасы – Елбағы» әнімен жабылды.

Индира ЕРБОЛАТОВА.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button