Covid-19Абай

Еріктілер белсенділігі артты

Қазір облысымыз қызыл аймақта болғандықтан жеке бас қауіпсіздігі өте өзекті болып отыр. Осы мәселені дер кезінде түсінген Абай ауданының еріктілері бетперде, ақпараттық парақшалар сынды қажетті заттарды таратуды қолға алды.

Аталған бастаманы «Жастар Альянсы» қоғамдық бірлестігі еріктілер корпусы бірлесіп атқаруда. Олар Абай қаласы һәм Топар кентінің тұрғындары арасында карантин кезінде қажетті дүниелерді тарату бойынша акция ұйымдастырып келеді. Өнегелі бастама халықтың назарын карантиндік шараларды сақтау ісіне, өз денсаулығына ұқыпты қарауға аударуды мақсат тұтып отыр.

Осылайша, ауданның белсенді жастары індетпен күресуге өз үлесін қосуда. Сонымен қатар, олар өз жұмыстарын жүйелі жүргізу мақсатында «Abay ZHASTARY» Telegram- ботын ашқан.

Ол боттан тұрғындар жастар саясатының бағыттары бойынша қажетті және маңызды ақпаратты ала алады. Атап айтсақ, уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуға арналған жаңа бос орындар, қатысу үшін көпшілікке қолжетімді курстар мен жас кәсіпкерлерге арналған жобалар, білім беру порталы және қосымша оқытудың ашық курстары туралы, қолданыстағы спорт секциялары жайлы, актерлік шеберлік, вокал, би және басқа да шығармашылық үйірмелерге қатысу мүмкіндіктері, волонтерлік қызмет хақында ақпараттарды алуға мүмкіндік бар.

Telegram-бот үнемі жаңартылып, ел назарына тек өзекті ақпараттар ұсынылады. Сонымен қатар, аталған боттың жұмысын жақсартуға арналған ұсыныс-пікірлердің де қабылданатынын айта кеткен жөн.

Жәлел ШАЛҚАР.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button