Жаңалықтар

Енді қоғамдық көліктерде кітап оқу мүмкіндігі бар

Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтың ішкі мәдениетін тәрбиелеу және көркем әдебиетті оқуға баулу мақсатымен «Жол үстіндегі кітапхана» жобасы аясында  қаланың қоғамдық көліктерінде алғаш рет жылжымалы кітапханалар іске қосылды.

Қарағандының 60 автобусында электронды кітап оқу мүмкіндігі пайда болады деген жоспар бар. Қазіргі таңда электронды кітапханалар қаламыздың 22 қоғамдық көлігінде жабдықталған. Кітап оқу үшін жолаушылардың смартфондары ғаламтор желісіне қосулы болса болғаны.

Әзірге QR кодтары бойынша кітап оқу опциясы алты бағыттағы 22 автобуст салондарында қол жетімді. Олар: 65, 5, 1, 70, 43, 118э автобустар.

Қазақ классикасы, орыс классикасы және шетелдік классикасы туралы 3 бөлімнен тұратын кітаптарды таңдау үшін жолаушылар сілтеме бойынша өтуі қажет. М.Әуезовтің «Көксерек», А. Құнанбайұлының «Ескендір» шығармалары, А. С. Пушкиннің ертегілері, Конан Дойлдың “Жоғалған әлем” және басқаларының туындылары бар. Барлығы 41 шығарма жинақталған. Оның ішінде: Қазақ классикасы – 21, шетел классикасы – 14 және орыс классикасы – 6.

Жобаға үлкен ұзындықтағы және белсенді жолаушылар ағыны бар маршруттар таңдалған.

Жақын күндері QR коды бойынша кітап оқу опциясы 13 бағыттағы 60 қалалық автобуста қолжетімді болады. Олар: 1, 40, 43, 53, 33, 118Е, 146э, 56, 70, 5, 65, 41, 19.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button