Қарағанды

Емдеу мекемесінде 50 адам дауыс береді

Қарағанды медицина университетінің Пришахтинскідегі №48 жабық сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда. Жабық дейтін себебіміз мұнда ем алып жүрген 50 науқас дауыс береді. Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауында қазірдің өзінде 38 адам өз таңдауын жасаған.

Сайлау комиссиясының төрағасы Семен Бобрев денсаулығы жарамды ем алушылар бірінші қабатқа түсіп таңдау жасап жатқанын мәлімдеді. Емдеу мекемесі болғандықтан бұл арада бақылаушылар жоқ. Төраға мен орынбасар, хатшы және сайлау алқасының екі мүшесі бар.

“Әр дауыс маңызды. Себебі біздің таңдауымыз еліміздің ертеңін айғақтайды. Баршаңызға сәттілік тілеймін”, – деді сайлау комиссиясының төрағасы.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button