Елімізде телеарналар мен радио уақытша өшіріледі
24 қаңтар күні Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді.
– Осы жылдың 24 қаңтарында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қаласының уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген хабарламада.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА