Спорт

Еліміз Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан жүлделі жекпе-жек өткізді.

Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азиаданың қола медалін жеңіп алды. Медаль үшін шайқаста Шархан Оңтүстік Кореядан келген қарсыласы Джонхун Вонмен кездесті. Қазақстандық дзюдошы иппон әдісімен жеңіске жетті.


Бұл Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль. Отандық татами шеберлерінің қоржынында бір күміс және төрт қола жүлде бар.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button