Пікірлер

Елдің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекше қадам

«Бейбіт жиналыстар өткізу туралы»  заңның қабылдануы – тәуелсіз еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекше қадам. Ақпараттық дәуірде өмір  сүріп жатқан біз  үшін митингтер мен бейбіт жиналыстарды өткізудің қалыпты жүйесінің болуы  үлкен  жаңалық болмақ.

Заңның талаптарымен бейбіт жиындардың өткізілу барысының толық жариялануына кепілдік берілуі де әр азаматтың пікірімен санасуға  мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бейбіт жиынды ұйымдастыруды туралы ақпаратта көрсетуге тиісті мәліметтердің тізімі де бірқатар азайтылған. Митингілер мен шерулерді өткізу туралы ескертпелер берудің де мерзімі 15  күннен 5  күнге, жергілікті үкімет өкілдерінің аталған ескертпеге жауап қайтару мерзімі де 10 күннен 3 күнге  азайтылған.

Ең бастысы, заң жобасында бейбіт жиынға қатысушы барлық тараптың құқықтары айқындалып берілген. Қамтылып отырған заң жобасы қолдануға қолайлы, мүдделі тұлғалар үшін тиімді болады деп сенемін.

 С.Шардарбекова,

«Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының жанындағы татуласу орталығының басшысы.                                     

Басқа материалдар

Back to top button