АбайОсакаров

Ел тілегі ескерусіз қалмайды

Аймақ басшысы тұрғындармен жиі жүздеседі. Соның нәтижесінде жергілікті жерде мәселелер дереу шешімін тауып жатқанына жұртшылық куә. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тұрғындармен кезекті кездесуі Осакаров ауданында жалғасты. Халықпен бетпе-бет жүздесу кезінде ауданның өзекті мәселелері ортаға салынып, шешімін тапқандары жария етілді.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Осакаров ауданында ауыз су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Биыл алты ауылда су құбырын салу басталады. 6 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Осы және басқа да мәселелерді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарымен кездесу барысында талқылады.

– Өткен жылы Пионерское, Озер­ное, Ералы ауылдарында су құбыры желілері салынды, Николаевкада, Сенокосное, Садовое, Трудовоеда құбыр салу басталды. 10 елдімекенде сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов. – Биыл тағы алты ауылда су құбырын салуға жобалық-сметалық құжат әзірленді. Жақын арада жұмыс Нияз ауылында басталады.

Кентішілік және аудандық жол­дардың жай-күйі – Осакаров тұр­ғындарының жыл сайын көтеретін тағы бір маңызды мәселесі.

– «Ауыл – ел бесігі» арнайы жо­басы аясында біз Батпақ және Озерное ауылдарының жолдарын жөндейміз. Онда су құбыры желілерін салу жұмыстары аяқталды. Осакаровкада кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Биыл облыстық маңызы бар – «Осакаровка-Нұра» жолын салу аяқталады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Тұрғындарды сапалы ауыз сумен және жақсы жолдармен қамтамасыз ету – біртіндеп шешетін басты міндеттеріміз.

Өңір басшысы өткен кездесуде аудан тұрғындары 43 проблема көтерілгенін, олардың жартысынан көбі шешілгенін атап өтті. Олардың қатарында білім беру, мәдениет нысандарын жөндеу, Молодежный­дағы Абай атындағы мектеп жанындағы аумақты абаттандыру, Оса­­каровкадағы спорт алаңдары мен бағдаршам орнату бар.

Биыл Озерныйдағы мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталып, Ақбұлақтағы мектепті жөндеу аяқталып, қосымша құрылыс салынады. Молодежный ауылында қыр­күйек айында тұрғындар көптен сұраған алғашқы музыкалық мектеп ашылады. Ол үшін бұрынғы сот ғимараты күрделі жөндеуден өтеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button