“Отан – отбасынан басталады”. Сондықтан да бүгінгі саяси мәні зор оқиғада отбасылық құндылықтардың да ел келешегінде ықпалы ерен. Сол себепті де мерейі үстем, мәртебесі биік отбасылардың қоғамдағы орны бөлек. Абай ауданында өткен «Мерейлі отбасы – 2026» байқауына қатысып, жеңімпаз атанған Сейфулғазиндер отбасы бүгінгі Құрылтай сайлауында да мұны айқындай түсті.

Өнегелі отбасылық дәстүрді берік ұстанып, ел ішінде үлгі болып жүрген Сейфулғазиндер Топар кентіндегі өздері тіркелген №376 сайлау учаскесіне барып, таңдау жасады.

Бірлігі мен берекесін басты ұстаным санайтын отбасы мүшелері ел өміріндегі маңызды қоғамдық науқанға үн қосты. Арнай барып, дауыстарын берді.

Олар әр азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге атсалысуы қажет екенін атап өтті.
Ержан ИМАШ
Абай ауданы



