Жаңалықтар

ЭКСПО жобалары – өзекті

  Жақында академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «ЭКСПО–2017: болашақтың технологиялары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ҚарМУ-дің оқытушылары қазіргі қоршаған ортамен өзара байланысты ескере отырып, адам қажеттілігін өтеудегі экономикалық іргелі өзгерістерді талдады. Жиын барысында оқытушылар жасыл энергияны тұрақты түрде дамытудың алғышарттарын атады. Қоршаған ортадағы табиғи жүйелерді сараптады. Осы ретте «Астана ЭКСПО–2017» болашақ энергиясы көрмесінің қажеттіліктеріне орай, дамушы мемлекеттердің айтулы саладағы үздік жобаларына тоқталды.

Жалпы, «ЭКСПО–2017» шеңберіндегі қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне арналған конференция жұмысы «Жаңартылатын энергия көздері», «Энергия үнемдейтін технологиялар мен энергия тиімділігін арттыру», «Су ресурстары», «Қалдықтарды басқару» атты өзекті бағыттарды қозғады.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, студенттер, магистранттар, РhD докторанттары, ғылыми-зерттеу институттары және Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Конференцияда отандық ғалымдардың энергия үнемдеудегі жаңа технологиялары ұсынылды. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері және экологиялық қауіпсіздік саласындағы жетістіктерін көрнекі түрде көрсететін ғылыми-техникалық зерттелген құралдар көрмесі ұйымдастырылды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button