ЖаңаарқаЖаңалықтар

«ЭКСПО» – мүмкіндіктер алаңы

       «ЭКСПО–2017» көрмесі – әлемнің барлық мемлекеттеріне еліміздің үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетуде. Жаһандық көрменің, әсіресе, жастарға берері көп.

Ел болып атсалысып, халықаралық дәрежедегі шараны жоғары деңгейде өткізсек, ел үшін – мәртебе. Бүгінгі таңда қолжетімді энергия ресурстары ұтымды пайдалануды қажет етеді. Жаһандық шараның өзі де  – энергия тұтынуды көздейді. Оның үстіне «ЭКСПО-2017» – халқымыздың қонақжайлылығын көрсетуге бағытталған. Елордамыздың беделін көтеріп, келешекте  туристерді тартуға сеп болады. Алдымен, елімізде «ЭКСПО»-ға арналып биік ғимараттар бой көтерді. Зерттеу орталықтары ашылып, ғылымның түрлі саласына бағытталған тәжірибелік құралдар қойылды. Шетелдіктер ұсынған жобалар жүзеге асатын зерттеу орталықтары көрме аяқталғаннан кейін де Қазақстанның керегіне жарап, ары қарай қызмет ететін болды. Бұл – жастардың игілігіне молынан жарайтын іс. Оның үстіне, қазіргі «ЭКСПО» көрмесі барысында зерттеушілеріміздің пікірінше, әлемнің түкпір-түкпірінен келген жаңа технологиялар ұсынылып, озық елдердің бұйымдары көрмеге қойылды. Отандастарымыз көрме өтетін үш ай барысында халықаралық мамандармен тәжірибе алмасып, әр салада білімін жетілдіруге мүмкіндік алды.

Қазіргі таңда жаз айларында қазақстандықтар «ЭКСПО» арқылы жаңа технологияларды тамашалап, әлемдік озық технологиялар мен техниканың қай бағытта дамуда екеніне куә болуда.

Қазіргі таңда Қазақстанның әр қаласындағы тұрғындар Астана қаласына «ЭСКПО» көрмесін тамашалауда. Шетелдіктермен қатар, отандастарымыз еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосуда. Олай дейтініміз, қысқа мерзімде еліміздегі жеке кәсіпкерлік даму үстінде. Сонымен қатар, туризм саласын дамытуға да бірнеше қарқын әкелуде. Мысалы, шетелдіктер еліміздің Елордасын аралап, Алматы, Бурабай, Жасыбай секілді көрікті жерлерді тамашалай алады. Қонақтар жеріміздің сұлулығын суретке түсіріп, әртүрлі түсірілімдер жасайды. Осының бәрі – жеріміздің кеңдігін, сұлулығын көрсетіп, шетелге кеңінен насихаттайды. «ЭКСПО» -ның пайдалы әрі тиімді тұстары осы бір қарапайым түсініктерден-ақ бастау алады.

Ақниет ЫСҚАҚОВА,

О.Әлібаев атындағы орта

мектептің түлегі.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button