Аймақ

Еңбек қатынастарын реттеу тетігі.

Қарқаралы ауданы әкімінің, кәсіподақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қауымдастықтарының арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған үш жақты келісім жасалды. Келісім шеңберінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар іске асырылмақшы.

Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын басшылыққа ала отырып келісімді әлеуметтік-әріптестікті дамыту әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарт- пен реттеп, еңбек құқықтарын жүзеге асырады. Қарқаралы ауданының әкімі Х.Мақсұтов жиынның мақсатына тоқталды. Оның айтуынша, жыл басынан бері аудандағы түрлі мекеме-кәсіпорындарда,шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер арасында жасалған ұжымдық шарттар еңбек қатынасын ж а н д а н д ы р у ғ а негіз болатынын атап өтті. Келісімнің жобасы үш жақты комиссияның алдын ала отырысында талқыланған болатын. «Келісімге қол қойылғаннан бастап, қатысушы тараптар оны нақты орындауға кіріседі. Ал, оның орындалысы туралы ақпараттар ауданның интернет-сайтында әр тоқсан сайын жарық көретін болады»,– деді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бейбіт Жұманбаев.Жиынға қатысқан Қарқаралы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы Назгүл Игілікова, облыстық тау-кен металлургиялық өнеркәсібі еңбекшілерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Даут Жазыбаев, аудандық білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Азамат Секербайұлы шараның маңыздылығын атап өтті. Әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған құжат ретінде келісім Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы мен мақалаларындағы тапсырмаларға басымдық беретін болады. Сондықтан, оның халық үшін қызмет ететініне сенім зор.

Б.ДАУТАНҚЫЗЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button