Бас тақырыпЖаңалықтар

Достық пен бірлік дәріптелді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру негізінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының атқарып жатқан еңбектері аса зор. Мысалы, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында қалалар мен аудандардың этномәдени бірлестіктері күнінің екінші кезеңі өтті.

Бірлік пен достықты ту еткен өзге ұлт өкілдерінің бір-біріне деген ілтипаты, мәдениеті бірлестіктер күні екенін аңғартып тұрса, ұлттық киімдерін киіп, сарайдың сәнін ашқан шара қатысушыларының жүзінен бүгінгі күннің мерейлі мереке екенін ұғындық.

Аталған мерекеге облыстың Нұра, Абай, Бұқар жырау, Осакаров аудандары мен Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларының өкілдері белсенді түрде атсалысты.

Шараның бастапқы мақсаты – облыста тұратын этно-мәдени бірлестіктердің бастапқы әлеуметтікмәдени мұрасын қалпына келтіру және сақтау. Өскелең ұрпақты патриотизмге және рухани-адамгершілікке тәрбиелеу. Сондай-ақ, облыстың қалалары мен аудандарының этно-мәдени бірлестіктері арасындағы қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Мереке барысында бірлестіктердің қызметі туралы бейнежазбалар, хореографиялық, вокалдық және аспаптық ансамбльдердің бағдарламалары көптің көңілінен шықты. Сондай-ақ, халық өнерінің және қолданбалы өнердің көрмесі көрерменге жол тартты.

 Іс-шараға Қоғамдық кеңес пен Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының журналистер мен сарапшылар клубы мүшелері, мектеп оқушылары, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттері арнайы қатысты.

Жиылған жұртшылық әр бірлестіктің ұлттық тағамдарынан дәм татты. Белсенділік танытқан бірлестіктердің мақсатына тоқталатын болсақ, этносаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу және ұлттық сәйкестікті дамыту.

Сондықтан, халық арасында қайырымдылық және мәдени-ағарту іс-шараларын, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырса, өңірлік, республикалық деңгейдегі қоғамдық шараларға белсене қатысқанды жөн санайды.

 Шара соңында, этно-мәдени бірлестіктерге Алғыс хат табысталып, бірлестік өкілдері ақжарма тілегін білдірді.

Мақала басында Қазақстан халқы Ассамблеясының еңбегін атап өткен болатынмын. Сөзіме дәлел болсын. Достық үйінің мұражайында Ақжар негізгі мектебінің оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия жетекшісі Мүгілсім Шибаева оқушыларды мұражай жәдігерлерімен жіті таныстырып, ұлттардың салт-дәстүрі, мәдениеті, әдет-ғұрпы жайында кеңінен баяндады.

Оқушылар мұражайдың дәстүріне айналған мемлекеттік рәміздер бұрышында еліміздің әнұранын орындады.

Мұндай шаралардың маңыздылығы – келешек жастарға патриотизмді насихаттау, олардың бойындағы азаматтық белсенділікті арттыру болып табылады. Өз кезегінде оқушылар экскурсия ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, шара барысында қажетті ақпарат алғандарын әсермен жеткізді.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button