Руханият

Disney де қазақша сөйлейді

13 маусымда барлық кинотеатрларда «Ойжұмбақ 2» мультфильмі­нің дубляжы қазақ тілінде жарық көреді. Бұл туынды алғаш рет Disney компаниясы есебінен қаржыландырылатындығымен ерекшеленеді. Бұған дейін Pixar компаниясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тілінде сөйлеткен еді.

Суреттер yvision.kz

Басты кейіпкерді «Көреміз» қазақ телешоуының қатысушысы, блогер Ақерке Естайқызы, қуаныш сезімін қазақстандық әнші Гүлнар Тлебалды дыбыстайды. «Мұң» атты кейіпкерді кинотеатр және дубляж актрисасы Алма Қылмұқан, «Қорқыныш» кейіпкерін кино мен театр актері Рүстем Жаныаманов дыбыстайды. Сондай-ақ, қазақ тілді дубляжда Жұлдыз Төлепберген – хоккей команда капитаны «Вэл» есімді қызды дыбыстайды. Ninety One бой-бендінің солистері Азамат Ашмақын (Ace) – Сәкөшті (Бананчик), Батыр­хан Маликов (Alem) «Ұят» кейіпкерін қазақша сөйлетеді.

Disney компаниясында жыл сайын мультфильмнің 30-ға жуық нұсқасын дайындау бұрыннан қалыптасқан үрдіс.

Қазақ тілінің әлемдік тілдер қатарына қосылуы – ұлтымыз үшін өте маңызды қадам. Осы орайда әлемдік анимация жауһарлары, қазақ тіліндегі кинопрокат бағытындағы контентті қазақ тіліне аудару бастамасын қолдап, Disney командасымен бірлесіп, көрерменге кеңінен насихаттауға атсалыспақ.

– Қазақстандық көрермен ана тіліндегі көрсетілетін Disney премьераларын қашан да ерекше ықыласпен қарсы алады. Бұл дәстүр биыл да жалғасады.Үлкен экраннан қазақ тілінде көрсетілген «Моана», «Көліктер 3», «Коконың құпиясы» фильм­дерінің қатары жаңа туындылармен толықпақ. Қазақ тілінде еркін сөйлейтіндер де, тілді енді үйреніп жүргендер де сапалы дубляждалған фильмдерді тамашалаудан ләззат алары сөзсіз, – деді Қазақстан аумағындағы Disney фильмдерінің ресми дистрибьюторы, «Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Голенко.

Пит Доктер мен продюсер Джонас Ривера түсірген «Ойжұмбақ (2015)» туындысы үздік толықметражды анимациялық фильм ретінде «Оскар» мен «Алтын глобус» беделді жүлдесін жеңіп алған. Туындының екінші бөлімінен де жоғары нәтижелер күтілуде.

Ақнұр МАРАТ,
Назерке ҚУАНЫШ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті журналистика бөлімінің ІІ курс студенттері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button