Жаңалықтар

ДІНИ АХУАЛ – ҚАЛЫПТЫ

    Облыстық әкімдіктің ғимаратында облыс әкімі Н.Әбдібековтің төрағалығымен өткен әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі облыстық кеңестің кезекті отырысында өңірдегі діни ахуал, оның ішінде Абай және Бұқар жырау аудандарындағы діни ахуалдың жайы талқыланды.

Бұл мәселе бойынша аталмыш аудан әкімдері С.Шайдаров пен Н.Қобжанов есеп берді. Әкімдер өз өңірлеріндегі діни ахуалдың қалыпты екендігін жеткізді. Әкімдердің айтысы бойынша діни кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. Тиісті жағдайдың жасалмауынан жас кадрлар барған жерінде тұрақтай бермейді.

Бұл мәселе бойынша сөз сөйлеген облыс әкімі Абай ауданында қандас ағайындардың көп шоғырлануына және жабық мекемелердің барлығына байланысты деструктивті күштердің бас алмауына, облысымыз көпконфессиялық өңір болғандықтан қоғамдық үйлесімдегі жастар роліне, Бұқар жырау ауданының тоғыз жол торабында орын тепкендіктен пәтер жалдап, іріткі салушыларға жол бермеуге, діни ахуалды тұрақтандыруға бөлінген бюджеттік қаражатты арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ, отырыста өңіріміздегі қоғамдық Кеңестің хатшысы Н.Вшивцеваның күрмеулі мәселелерді шешудегі Кеңестің ролі туралы есебі тыңдалды.

Төрехан МАЙБАС

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button