Ресми

“Әділет” партиясы тау-кен металлургия саласын дамыту бойынша бизнес ұсыныстарын жинақтайды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесінде тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері талқыланып, бизнес қауымдастығының ұсыныстары негізінде саланы қолдауға бағытталған бастамалар топтамасы әзірленетін болды.

Сурет партиядан

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі алаңында партия төрағасы Айбек Дәдебай тау-кен металлургия кәсіпорындарының басшыларымен, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастық өкілдерімен кездесті.

Кездесуде саланы дамыту, шикізатты терең өңдеу, жаңа өндірістер ашу, инвестиция тарту, инженерлік кадрлар даярлау және кәсіпорындарды жаңғырту мәселелері қаралды.

Айбек Дәдебай Қазақстанның табиғи ресурстары ел экономикасының дамуына қызмет етуі тиіс екенін айтып, шикізатты терең өңдеу арқылы қосылған құны жоғары өнім өндірудің маңызын атап өтті.

Жиында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы, «Qarmet» АҚ және салалық қауымдастық өкілдері теміржол тасымалы, өндірісті жаңғырту, еңбек қауіпсіздігі мен кадр даярлау бағытындағы өз ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу қорытындысында Айбек Дәдебай барлық ұсыныстар жүйеленіп, «Әділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасына енгізілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, партия бизнес пен мемлекет арасындағы тұрақты диалогты жалғастыруға ниетті.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button