Жаңалықтар

Диқанға қарымды қолдау

    Қарағандылық диқандар элиталық тұқымдар құнының 70 пайызын қайтарып ала алады. Субсидиялаудың бұл жаңа түрі биылдан бастап енгізіліп отыр.

Мәселен, шаруашылық 100 мың теңгеге тұқым сатып алса, оның 70 мың теңгесін мемлекет қайтарып береді. Ол үшін тауар мемлекеттік реестрде тіркелуі тиіс. Ал, тіркеуде жоқ болса, 30 пайызы ғана субсидия­ланады.

Облыс көлемінде жеті тұқым шаруашылығы бар. Олардың екеуі – элиталық дақылдар тұқымын шығаруға маманданған.

Биылғы тұқым қоры өткен жылмен салыстырғанда екі есеге мол. Дақыл сұрыптарын жаңарту үшін шаруашылықтарға 4200 тонна элиталық тұқым, 16130 тонна дәнді дақылдар тұқымы, 10100 тонна картоп тұқымы жеткізілді. Яғни, егістік алқабын ұлғайтуға қажетті тұқым жеткілікті.

Биыл аймақтағы егістік алқабы 1 млн. гектардан асады деп жоспарлануда. Негізгі науқандық жұмыстар мамыр айында жүргізіледі.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button