АймақҚарағанды

Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен Осакаровка  ауданында Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Отырыста мемлекеттік органдар тәртіптік комиссияларының қызметі, мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке  тартудың жай-күйін талдау нәтижелері  тыңдалды.

Сонымен қатар,  Осакаров ауданының әкімі, Әдеп жөніндегі уәкілі, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Әдеп кодексінің бұзушылықтарын алдын-алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы баяндамалары тыңдалды.

Отырысқа  өзге мемлекеттік органдардың өкілдері  онлайн форматта қатысып, туындаған мәселерге жауап берді.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, баяндалған есептер нәтижесінде қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы  заңнамаларды  бұзудың  алдын-алу бойынша профилактикалық іс-шараларды  өткізуді күшейтуге  бағытталған  ұсыныстар берілді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button