Денсаулық пойызы жолға шығады

Ертең Қарағанды вокзалынан «Саламатты Қазақстан» консультациялық-диагностикалық медициналық пойыз жолға шығады. Медицина қызметкерлері облыстың шалғайда орналасқан 14 станциясын аралайды. Тәулігіне 200-ге жуық адамды қабылдайды.

Жоба 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Содан бері «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» сынды үш консультативті-диагностикалық пойыз еліміздің мыңнан астам станциясында болып, 304 мыңнан астам адамды тексерді.

«Дөңгелекті емханалар» қажетті диагностикалық аппаратурамен жабдықталған. Түрлі профильдегі дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Пойыздар жетекші ғылыми-медициналық орталықтар мен ТМД қызметкерлерімен оn-line режимде науқастарға консультация беру үшін телемедициналық қондырғылармен жарақтандырылған.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.