Ресми

Дастан Құдабаев жаңа қызметке тағайындалды

Құдабаев Дастан Амангелдіұлы Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Сурет: gov.kz

Дастан Амангелдіұлы 1990 жылы туған, Қарағанды ​​қаласының тумасы, 2 жоғары білімі бар. «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын және Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы Қарағанды ​​қаласы әкімінің аппаратында бастады. 2015 жылы «Қарағанды ​​облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің балалар және жастар үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып, әртүрлі қызметтерді атқарды. Одан кейін «Қарағанды ​​облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ персоналды басқару бөлімінің бастығы, «Қарағанды ​​облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-де басшының орынбасары – мемлекеттік еңбек инспекторы болды.

Қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін «Қарағанды ​​облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button