ЖаңалықтарРуханият

Дариға Тілендиева дүниеден озды

Белгілі күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары, актриса Дариға Тілендиева дүниеден озды.

Сурет: stan.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтамыз. Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Оның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады, – деп жазды Құрманғазы оркестрінің ұжымы.

Дариға Тілендиева 1946 жылы Алматы облысы, Көксу ауданында дүниеге келген. “Қазақфильм” киностудиясында түсірілген “Құлагер”, содан кейін “Ақ машина”, “Алты жасар Алпамыс”, “Қоштасқым келмейді”, “Жамбылдың жастық шағы” тағы басқа көркем фильмдерде әр түрлі рөлдерді сомдады. 1993 жылдан “Отырар сазы” оркестрінде қызмет істеді.

Н. Тілендиев атындағы Халықаралық қоғамдық қордың президенті. ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998).

ortalyq.kz.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button