Жаңалықтар

Дания корольдігінің делегациясымен кездесті

     Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Дания корольдігінің секторалды делегациясымен кездесті. Аталған делегация құрамында елшілік өкілдері, дат елінің жылумен қамту Кеңесі, инженерлік және энергоүнемдеу бойынша компаниялардың өкілдері енді (Ramboll, Grundfos, Kamstrup, EnergyCenter-Asia, Teplonika, Elevim-Service).

Қазақстан мен Дания арасындағы ынтымақтастық дегенде экономика және бизнес саласын ерекше атап өтер едім. Соның ішінде ең түпкі мақсат – жылумен қамтамасыз ету бағытында серіктестікті одан әрі нығайту және одан әрі дамыту деп білемін. Әңгіме Данияның маңдайалды компаниялары сіздерге не бере алады, біз не үйрене аламыз ауанында өрбитін болады, – деді Дания Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Томас Винклер.

Қарағанды облысы үшін даттықтардың тәжірибесі өте қызық. Мәселен 70-жылдарда Данияда энергетикалық дағдарыс белең алғанымен, бүгінде бұл ел әлемде энергоүнемдеу және баламалы энергия бағытында көш ілгері.

Даниялық тарап Қарағанды облысында инвестициялық саясатты жалғастыруға және энергетика мен жоғары технологияны дамытуда үлес қосуға ниетті.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button