Қарқаралы

Дәріхана ашылды

    Қарқаралыда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 24 сағат бойы үздіксіз қызмет көрсететін дәріхана ашылды.

Аудан әкімі Халел Мақсұтов  халық сұранысына ие дәріхананың ашылуы – аудан тұрғындары үшін қуанышты жайт екендігін атап өтіп, «халықтың саулығы мемлекеттің байлығы, қашанда салауатты сау болайық, дәріхана жұмысына тек сәттілік тілеймін» – деп, ізгі тілегін жеткізді.

Аталған нысанның құрылысына бар күш жігерін салған дәріхана иесінің туысы, сол әулеттің үлкені Өміржан Искаков, аудан әкімі Х.Мақ­сұтов және аудандық мәслихат хатшысы С.Нүркенов дәріхананың лентасын қиды.

Дәріхананы салуға жалпы құны 15 млн. теңге қаражат жұмсалса, бағдарлама аясында 4 млн. теңге несие берілген. Дәріхана иесі, кәсіпкер Меруерт Шайкенованың айтуынша, ғимарат тұрғызу мен құжаттарын реттеу кезінде қала әкімшілігі мен аудандық жер бөлімінің, БТИ қызметкерлерінің көмегі көп тиген. Дәрі бағалары қолжетімді. Зейнеткерлер мен мүгедектерге арнайы жеңілдіктер қарастырылған.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button