Медицина

Дәрігерлердің үстінен 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалған

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде жыл сайын дәрігерлердің үстінен 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалатынын айтты. Оның ішінде акушер-гинеколог, хирург, травматологтың үстінен түскен шағым саны көп көрінеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Мәжілісте министр «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

– Заң жобасын әзірлеу үшін соңғы 3-4 жылдағы 14 мыңнан аса жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен және қаралған өтініштерді талдадық. Оның ішінде медицина қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істерге талдау жүргізілді. Жыл сайын медицина қызметкерлеріне кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша 300-ге жуық іс ашылады. Қылмыстық істер көбінесе өлім қаупі бар хирургиялық бейіндегі мамандарға, яғни акушер-гинекологтарға, хирургтарға, травматологтарға, анестезиологтарға қозғалады, – деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, осындай инцидент туындағанда медицина қызметкері жалақысының деңгейі пациенттің денсаулығына келтірілген зиянды өз бетінше өтеуге мүмкіндік бермейді. 

Сондықтан медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау үшін қорлар мен қауымдастықтар (Швеция, Канада, Дания тәжірибесі) құру, сондай-ақ жеке нарықтар (АҚШ, Германия, Жапония, Түркия тәжірибесі) арқылы міндетті сақтандыру жүйесін қолдану керек.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button