Қарқаралы

Дәрігерлер қызмет көрсетті

   Жақында Қарқаралы қаласына Астанадан Ұлттық Ғылыми Медициналық Орталық дәрігерлері арнайы үш күндік жұмыс сапарымен келіп халықты қабылдады.

Ұлы бабамыз Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс әкімі Е.Қошановтың ықпалымен және «Ауыл» ХДПП-ның ұйымдастыруымен «Ауыл медицинасын қолдау» акциясы өтті. Алыстан ат арытып келген ақ халатты абзал жандарды аудан әкімі Х.Мақсұтов қабылдап, баба тойына орай келген дәрігерлерге ризашылығын жеткізді. Әсіресе, арнайы топты бастап келген, Т.Зейнуллиннің жұмысына ерекше тоқталды. Аталмыш орталықтың ғылым және медициналық қызмет басқармасы төрағасының орынбасары, медицина ғылымының докторы, профессор Т.Кәрібеков жалпы орталықтың тарихына, ұжымына, атқарып отырған қызметі мен келгендегі мақсатына кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, жетіспейтін мамандарға тікелей телемедицина арқылы кеңес берілетіндігін жеткізді. Құрамындағы кардиолог, ревматолог, гематолог, кардиохирург, ангиохирург-кардиохирург, пульманолог, онколог-маммолог, нефролог-гастроэнтеролог, терапевт мамандары үш күн бойы ауданның мыңнан астам тұрғындарын қабылдап, қажетті консультацияларын берді. Әр адамның денінің саулығына жіті назар аударып, кеңестерін беріп, көмек көрсеткен дәрігерлер аудан тұрғындарының алғысын алды.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button