Чемпионат өтті

Жақында Қарқаралы ауданының таулы, орманды әсем табиғатында орналасқан «Шахтер» демалыс орнының аумағында құзға өрмелеуден республикалық чемпионат өтті.

 Спорттың бұл түрі 2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен алғаш рет олимпиадалық бағдарламаға енгізілген.

Айтулы шараға Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстары, Астана және Алматы қалаларынан командалар қатысты.

Аудан әкімі Халел Мақсұтов жарысқа қатысушы жас өрендерді құттықтады. Елбасының 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы керек деген тапсырмасын орындау үшін елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Қасиетті өлкеге келген барлық спортшыларға сәттілік тіледі. Құзға өрмелеуден ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Сәуле Искакова, Қарағанды облысы бойынша құзға өрмелеу федерациясының басшысы Айдос Жомартов, жарыстың бас хатшысы Елена Валишина жас спортшыларға жарыс ережесін түсіндіріп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектес екендерін жеткізді.

Сағыныш ӘБІЛОВА,

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.