Жаңалықтар

«ЧАК –ЧАК» МЕЙРАМЫ

   Биылғы жылы татар халқының дәстүрлі «Чак-чак party» мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен ұштасты.

Жиналған қауымды «Ихлас» облыстық этно-мәдени бірлес­тігінің төрағасы Анвар КЕРЕЙБАЕВ құттықтады.

«Чак-чак» мейрамы – бұл диқаншылардың дәстүрлі мерекесі. Мерекелік іс-шара дәстүр бойынша баян сүйемелдеуімен «Ихлас» вокалдық ансамблінің орындауындағы татар халық әні «Жиләкля жәйләрді» шырқаумен ашылды. Бұл іс-шараның өзіне тән ерекшелігі әндердің шынайы шырқалуы ғана емес, сондай-ақ, баянмен сүйемелдеудегі жарасымды үндестігінде.

Шахтинск қаласынан келген «Алсу» ансамблі, Ақтас кентінен «Яхташлар» вокалды ансамблі, Абай қаласынан «Ляйсан» татар-башқұрт шығармашылық тобы мерекенің сәнін кіргізді. «Ихлас» облыстық орталықтың белсенділері Сабина мен Камиля кеш бағдарламасын жүргізіп, көрермендермен сұрақ-жауап түріндегі қызықты ойындар ұйымдастырып, тіптен, чак-чак жеуден де жарыстар өткізді.

Жыл сайын өтетін «Чак-чак» мейрамы – ата-бабалар дәстүріне деген құрмет. Өзіміз дәнді-дақылдарды егіп, жинамасақ та осы уақытта мерекенің тойлануы – біздің парызымыз деп санаймыз. Биыл ұйымдастырылған бұл мереке өте жоғарғы деңгейде өтті. Халықтың осы мерекені тойлауға ат салысып, қолдау білдіріп жатқандарына өте қуаныштымыз. Облыстық «Ихлас» татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігі аталған іс-шараға бізді шақырып, осындай деңгейде өткізіп жатқандарына ризалығымызды білдіреміз, дейді, Ақтас кентінен келген «Яхташлар» татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Д.Фатихова.

Мерекелік концерт барлық қатысушылардың орындауындағы татар халық әні «Туған тілдің» шырқалуымен қортындыланды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button