Басты тақырып

Бюджет қаржысының қарауылдары

Мемлекеттің қаржысын ысырап пен ындыннан көздің қарашығындай сақтау жауапкершілігі жүктелген тексеру комиссиясы кеше 5 белесін атап өтті. Облыстық тексеру комиссиясының мәслихаттардан енші алып, өз алдына уығын шаншып, шаңыраған көтерген 5 жылда 1 млн.астам нысан тескерістен өткен. Осы аралықтағы 150 шара бюджеттің тиынына дейін тиімді жұмсалуын жіті қадағалапты. Тескерушілердің құрметіне арналған салтанатты шараға облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ қатысты. Аталған салада абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапаттады.

Бұл мемлекеттік ұйымда осы күні 50-ге жуық өз ісінің білікті мамандары топтасқан. Таратылған мәліметтерге жүгінсек, олардың әрқайсысының бұл салада еңбек тәжірибесі жетерлік.

Аймақ басшысы тексеру комиссиясының құрылғанына 5 жыл толуы ел Тәуелсіздігінің 25, облыстың 80 жылдығымен тұспа-тұс келгеніне тоқталды. Сондай-ақ, комиссияның өз мін­детін жауаптылықпен атқаруда екенін де ерекше атады. Қоғамда мемлекеттік органдарды жетілдіріп отыру қажеттілігі туындады. Соған байланысты жер-жерде тексеру комиссиясы өз алдына жеке ұйым болған-ды.

Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ, облыс әкімі:

Тексеру комиссиясының мис­сиясы айқын – ол қаржылық бақы­лауды нығайту және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл міндетті комиссия мүлтіксіз атқарып келеді. Уақыт талабына сай мемлекеттік органдарды жетілдіріп отыру қажет. Соның нәтижесінде – тексеру комиссиясы құрылды. Комиссия құрылғаннан бергі кезеңде ұйым тарапынан бюджет қаржысын бақылау да және қадағалауда 150 шара жүргізілген. Шаралар барысында 1 млн.астам нысан тексерістен өтті. Бұл – орасан еңбек.

Сондай-ақ, комиссия арқылы бюджеттің 750 млрд.теңгесіне аудит жүргізілген. Тексеру комиссиясының алдында түрған міндеттерді тиімді іске асыруға мамандардың жоғары кәсіби біліктілігін өткен жөн. Әрбір үш қызметкердің екеуінде мемлекеттік қызмет саласында кемінде он жыл өтілі бар. Бұған қоса, комиссияның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан сала ардагерлерінің де есімі құрметпен аталады.

Серік ӨТЕШЕВ, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы:

Мұндай мемлекеттік орган тұңғыш пайда болды. Бүгінде біз жаңа белеске көтеріліп отырмыз. Алдымызда әлі де жұмысты арттырып, сапалы нәтижеге қол жеткізу міндеті тұр. Ал, бұл үшін барлық жағдай жасалған.

Тексеру комиссиясымен иық тіресе жұмыс атқаратын депутаттар корпусы атынан облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали Әбдікеров те мерейтой иелерін арнайы құттықтады.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button