Спорт

Братин жолындағы бәсеке

      «Сарыарқа» Братин кубогі үшін бәсекені бастап кетті. Ширек финалдық матчтар сериясындағы қарсылас – қорғандық «Зауралье».

Келесі кезеңге өту үшін «Сарыарқа» серияның төрт матчында жеңіске жетуі керек. Қарағандылықтардың алғашқы қадамы жаман емес. «Қарағанды – Аренадағы» тұсаукесер кездесуде қорғандықтарды ірі есеппен тізе бүктірді.

«Сарыарқалықтар» бұл ойында үш мәрте қарсылас қақпасын дәл көздесе, «Зауралье» жігіттері жалғыз шайбамен жауап қайырды. Біздің Ломако, Смольянинов пен Сарваров мергендігімен көзге түсті. Ал, 58-ші минутта қорғандық Сулимов бір шайба салды.

Екінші матч та Қарағандыда өтті. Кеше, яғни, 13 наурыз күні ымырт жабыла қос команда мұз сарайында кездесті.

Келесі екі ойын Қорғанда болады. 16-17 нау­рыз күндері қарағандылықтар «қонаққа» барады.

Бұған дейін қарсыластар ЖХЛ чемпионатында екі мәрте бетпе-бет келген-ді. Екеуінде де Вадим Епанчинцевтің шәкірттері басым түсті (7:1, 3:0). Бұл жолы да «Сарыарқаның» асығы алшысынан түсеріне сенім мол.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button