Қарқаралы

Бос жерлер – ел игілігіне

    Былтырғы жылы Қарқаралы ауданында қолданыстағы заңнама шеңберінде жер мәселелерін шешуде бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 25 жер учаскесіне сату-сатып алу келісім-шарты жасалды. Нәтижесінде, аудандық бюджетке қосымша 29 млн. 250 мың теңгеден астам қаражат түсті.

Қарқаралы ауданының жалпы жер көлемі  3,5 млн. гектар жерді құрайды. Оның ішінде, 1,5 млн. гектары – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. 500 мың гектары – елдімекен жерлері, 112 мың гектары – ерекше қорғалатын аймақтар болса, мемлекеттік қорда – 1,2 млн. гектар жер учаскесі жатыр.

Аудандық бюджеттен 3 млн. қаражат бөлініп, жыл басынан бастап 3 конкурс өткізілді.  Конкурстар арқылы 85543,3 мың гектар жер учаскелері шаруа қожалықтарына пайдалануға берілді. Оның ішінде, 28 шаруа қожалығы жаңадан ашылып, 42266,8 гектар жер учаскесін алды. Орындалысы 213 пайызды құрады.   

Қарқаралы ауданы бойынша 2014 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, жерді түгендеу кезінде 390 мың гектар көлеміндегі ауыл шаруашылығы жер учаскелерін пайдаланбаған 286 шаруа қожалығы анықталды. Бүгінде 225 мың гектар көлеміндегі 174 жер учаскесі тиімді пайдалануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жерді тиімсіз пайдаланған 49 шаруа қожалығы ерікті түрде бас тартуына байланысты 45 мың гектар жер мемлекеттік қорға қайтарылды.

Мемлекеттік кірістер басқармасы мен Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен меморандум дайындалып, Қарқаралы ауданы бойынша 36 шаруа қожалығына Салық кодексінің 444-бабының 1-тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатына берілген  жерді тиімді пайдаланбағаны үшін бірыңғай жер салығы он еселенген мөлшерде 682,835 мың теңгеге көтеріліп, төленді.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button