Болашақ жұлдыздар

Қарағанды қаласы Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қарағанды облысының 80 жылдығына орай, 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар арасында «Әнімді саған арнаймын» атты патриоттық әндерді орындаушылардың облыстық байқауы өтті.

Байқау ІІ кезеңнен тұрды. І кезеңде туған жер, атамекен, Қарағанды туралы, ІІ кезеңде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әндер орындалды. Байқауға Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен 50-ге жуық жас таланттар, сонымен қатар, Жезді кентінен Нұрперзент Сайлау, Аружан Әділбек, Айсұлу Төлеубай қатысты. Жас өнерпаздарымыз Аружан Әділбек ІІ санат бойынша «Жезді вальсі», «Туған жер», Нұрперзент Сайлау І санат бойынша «Ұлытау», «Жаса, Қазақстан» әндерін орындап қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталса, Айсұлу Төлеубай І санат бойынша «Ұлытау», «Астана» әндерін орындап, жүлделі І орынды жеңіп алып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, қатысушыларымызға жетекшілік жасап, шығармашылықтарын дамытудағы еңбегі және өнер жолында шәкірт тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Азамат Смағұлов Алғыс хатпен марапатталды.

Жаннұр АЙНАБЕКҚЫЗЫ.

Ұлытау ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.