Қарағанды

Болашаққа – байыпты бағдар

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВТІҢ төрағалығымен қалалық актив жиыны өткізіліп, күн тәртібінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Жиынға соғыс және еңбек ардагерлері, депутаттар, мемлекеттік мекемелердің, шағын және орта бизнес құрылымдарының, қаланың коммуналдық қызметінің басшылары, саяси партиялардың, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау салаларының, үкіметтік емес ұйымдардың, діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бірнеше күн бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Халқымыз осы еңбекте баяндалған ұлттық құндылық, татулық, достық мәселелерімен жіті таныса алды. Президентіміз латын әліпбиіне көшу мәселесін айтып өтіп, «Туған жер» бағдарламасының қолға алынғанын жеткізді. Сондай-ақ, келешек ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетін сіңіру жұмыстарын жүзеге асыруды да аттап өткен жоқ. Көшбасшымыз замандастарымыздың қоғамдық өміріндегі, тарих саласындағы жетістіктерін жіпке тізіп, жеткен жетістіктерімізді баян етті. Егемендікке қол жеткізген ширек ғасырдың ішінде тәуелсіз еліміздің жылнамасы жазылуда. Осы тәуелсіздік жылдарында көптеген жұмыстар орындалды. Оған ешкімнің күмәні жоқ. Елбасы қоғамның рухани дамуы барысында еліміздің тарихындағы жаңа есімдерге ерекше мән береді. Мұнымен бірге, рухани жаңғыру барысында заман ағымына қарай бейімделіп, қабілетті болу мәселесіне назар аударуға шақырады. Біз, Қазақстан азаматы ретінде Елбасының бастамасымен толықтай келісеміз және қолдаймыз, – деді Нұрлан Әубәкіров.

Жиын барысында №68 мектеп-интернат және балабақша директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Жанділ Мұхтаров, Қарағанды облысының «Полония» поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский, Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының директоры Бахтияр Бекмырзаев, «КазПласт» ЖШС-ның директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Водько, М.Әуезов атындағы Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі балалар кітапханасының №15 филиалының меңгерушісі Саягүл Ахметова, №38 гимназияның 11 сынып оқушысы, қазақ тілі пәні бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың 3 орын иегері Кристина Хван сынды азаматтар баяндама жасап, Елбасы мақаласының басымдығы мен артықшылығын сөз етті.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button