Қарағанды

БІТІМГЕРШІЛІК ТАТУЛЫҚҚА БАСТАЙДЫ

Елдің мызғымас бірлігі – халықтың әлеуетінің артуы мен келешегінің кемел болуының кепілі. Бір уақыттарда ел ішіндегі дау-жанжалдардың төрелігін айтып, мәмілеге келтірген. «Ердің құнын екі ауыз сөзбен» шешетін данагөй билер мен аузы дуалы ел ағалары орын алған келеңсіздіктерді ушықтырмай, ортақ мүдде барысына тоқайластыруды көздеп отырғандығы белгілі.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтарда жарыққа шығып, 2012 жылғы тамыз айында күшіне енген «Медиация туралы» Заңы – ежелден қалыптасқан мәмілегерлікті замана ағымына сай қайтадан жаңғыртылуын, сот жүйесінде дауды шешудің бір тəсілін іске асырылуын көздесе керек. Медиацианың артықшылығы мен мәнінің неде екендігі және қолданылу аясы аталған заңда атап көрсетілген. Қысқа қайырып айтар болсақ, егер Қазақстан Республикасы заңдарында басқаша белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дау-шарлар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Медиация, яғни, ара-ағайындық негізінен тұрғын үй, еңбек, отбасылық және көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешуде қолданылатындығы айтылған.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғары сотының пәрменімен медиация тәртібімен жекелеген істер мен дау-шарларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асыру жөнінде қанатқақты жобасы қолға алынуда. Әзірге жобаның тиімділігі мен нәтижесі туралы тоқталу ертерек дегенмен, күні ертең-ақ аталған Заңның замана талабымен үйлесімді үндестік табатыны анық. Аталған Заңға сәйкес медиаторлар жұмысын ұйымдастыру және оны іске асыру барысы туралы, қажет болған жағдайда медиаторлар қызметіне жүгіну үшін Қарағанды облыстық сотының ресми сайтына және abildinkae @mail.ru Web-site: www.businesslife.kz E-mail: officebox-kae@mail.ru немесе www.dialog-mediation.kz сайтына хабарласып, жан-жақты ақпараттар алуларыңызға болады.

Ж.САРМУРЗИН

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button