Бас тақырып

Бірнеше өңірде үсік жүреді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” синоптиктері 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: total.kz

Бүгін де республика аумағына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, жаңбыр жауады.

Шығыста, түнде Қарағанды облысында, Абай, Жетісу облыстарында жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша жел күшейіп, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста тұман түседі.

Қарағанды облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батыста, солтүстікте, Абай облысында 1-3 градус үсік жүреді.

Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атыраудың шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорданың орталығында, Түркістанның солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі бар.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button