«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Нұра ауданының полиция бөлімі күнделікті негізде рейдтік жұмыстар жүргізуде. 25 мамырдағы жағдай бойынша ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, яғни Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 69 хаттама толтырылған.
Аталған хаттамалар негізінде барлығы 1 273 740 теңге айыппұл салынған. Бүгінде оның 794 000 теңгесі өндірілген. Ал, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын аббаттандыру қағидаларын бұзу туралы, яғни 505 бап бойынша 220 хаттама толтырылды. Рейд әлі де жалғасуда.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz