Қарағанды

Білімді жетер мұратқа

Жақында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен Азия-Тынық мұхиты олимпиадасы және «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. Халықаралық математика олимпиадалары ара-қашықтықтан өткізілетіндіктен оған Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Әзірбайжан және Өзбекстан елінен оқушылар қатысты. Олимпиаданың қашықтан өткізілуі көптеген оқушылардың беделді жарыстарға қатысуына мүмкіндік береді. Биылғы олимпиадаға 100-ден астам оқушы қатысты. Қарағанды облысынан №1 Қазақ-түрік лицейінің (КММ Қарағанды облысының №1 «Білім-инновация» лицей интернаты») 11-сынып оқушысы Мұрат Мереков, 10-сынып оқушысы Ернұр Амангельдинов, 9-сынып оқушысы Ерсұлтан Қылышев қатысты. Мұрат Мереков олимпиаданың қола медаль иегері атанды. Ұстазы – Арман Темірқұл. Ал, жалпы лицейімізден бұл олимпиадаларға 7 жылдың ішінде 11 оқушы қатысқан. Айта кетсек, XXIX Халықаралық Азия-Тынық мұхиты қашықтық математикалық олимпиадасы және математикадан XVI Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы 14-17 жастағы оқушылар арасында жыл сайын өткізіледі. Олимпиаданың мақсаты – талантты жастарды астрономия және математика ғылымындағы мәселелерді шешуге баулу. Алғаш 2012 жылы оқушымыз Әшім Ежебай сайысқа қатысып, қоладан алқа тақты. Бүгінде оқушылардың біразы (Серік Жұмағұлов) математикадан сабақ беріп, оқушыларды облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға дайындап жүр.

Ляззат МАЛИКОВА,

№1 қазақ-түрік лицейі директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button