Жаңалықтар

Білім гранттары бөлінді

Биыл еліміз бойынша жоғары оқу орындарына 32 мыңға жуық грант бөлінді. Білім гранттарын бөлуде конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс берілетін 87 жоғары оқу орны таңдап алынды. Конкурсқа қатысқан 59 677 адамның 47 342-сі (80 пайызы) – қазақ тілінде білім алуға ниет қылған.

Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысына қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, биыл 31 702 грант бөлінді. Оның ішінде 2 950 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант – 1 курсқа қабылдауға қарастырылды. Білім гранттарын бөлуде елдің әлеуметтік-экономикалық даму жағына басымдық берілген.

Соның ішінде атап айтсақ, 12 593 грант – техникалық және технологиялық мамандықтарға бағытталды. Сондай-ақ, педагогикалық салаға – 5000 грант бөлінсе, 2 690 грант–ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандықтарына, 3 000 грант–медицина саласының мамандықтарына бөлінді.

Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, жоғары оқу орнына тапсырған грант иегерлерінің тізімі 12 тамызға дейін анықталып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button