Жаңалықтар

Білім басқармасы Теміртауда сыныптардың жабылуына қатысты пікір білдірді

Facebook парақшаларында Теміртау қаласындағы 20 жиынтық-сыныптардың жабылуы туралы шыққан ақпарат шындықпен жанаспайды, – деп хабарлады Қарағанды облысының Білім басқармасы.

2018 Жылдың 1-ші қыркүйегінде Теміртау қаласының 29 мектебі орташа толығуы 25,3 адамды құрайтын 903 жиынтық-сыныптармен толықтырылды.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 700 адамға толықты, жиынтық-сыныптардың саны – 24 бірлік. 5 мектепте толықтыру төмен болғандықтан және бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланбауы нәтижесінде аз қамтылған сыныптарды біріктіру арқылы 6 жиынтық-сыныптар шоғырланды. Барлық оқушылар сол мектептерде қалып, біріктірілген сыныптарда оқып жатыр. Ол сыныптарда оқушылар барынша толыққан. 
Барлық мектептер қажетті педагогикалық кадрлармен қамтылған. 
Сонымен қатар жаңа оқу жылында 17 мектепте дефектологтар мен логопедтердің штаттары, 5 мектепте ұзыртылған оқу сыныптары ашылды.
Қаланың білім саласының бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд. теңгеге өсті (2017 жыл – 6,3 млрд. теңге, 2018 жыл – 7,1 млрд. теңге).
Білім беру-тәрбие процессі штаттық режимде жүргізіліп жатыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button