Жаңалықтар

Берешек қайтсе кемиді?

Салтанат Ильяшова,
«Орталық Қазақстан»

  «2016 жылы облыстың ірі және орта кәсіпорындарының міндеттемелері бойынша берешегі 1346,9 млрд. теңгені құрады» деп хабарлайды Қарағанды облысының Статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Міндеттемелер бойынша берешек құрылымындағы 35,2%-ды жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу берешегі алады, 19,6% – банк қарыздары, 19,1% – өзге де қарыздар, 1,7% – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, 0,3% – міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару бойынша және 24,1%-ы өзге де кредиторлық берешектерді құраған.
Міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек 6,5 млрд. теңгені құраса, жыл басынан бастап олар 89,7%-ға төмендеп, II тоқсанда – 9,1%-ға өскен.
Мерзімі өткен берешектің 88,3%-ы өнеркәсіп салаларына тиесілі.
Жұмысшылар мен қызметшілерге еңбекақы бойынша берешек 24,1 млрд. теңгені құрады, ондағы мерзімі өткені – 152,6 млн. теңге. Жыл басымен салыстырғанда мерзімі өткен еңбекақы төлеу бойынша берешек 10,1%-ға, 2016 жылғы II тоқсанда – 15,4%-ға төмендеді.
Еңбекақы бойынша мерзімі өткен берешектің ең көп үлесі – 87,3% әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға тиесілі. Берешектің төмендеуі 2016 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібі  және карьерлерді қазу, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау, көлік және қоймалау кәсіпорындарында байқалады.
Кәсіпорындардың дебиторлық берешегі 467,7 млрд. теңгені құрады, мерзімі өткені – 23,2 млрд. теңге. Жыл басынан бастап мерзімі өткен дебиторлық берешек 16,4%-ға, ІІ тоқсанда – 1,4%-ға өскен. Мерзімі өткен дебиторлық берешектің 74,9%-ы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнына тиесілі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button