Қарқаралы

Берері көп бағдарлама

    Халықты тұрақты жұмыспен қамту, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асуда.

Бағдарлама бойынша Қарқаралы ауданында жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде іске асып жатыр. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, сұранысқа сай жұмысшы кадрларды қысқа мерзімде кәсіптік оқыту, ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту, жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру секілді міндеттер бүгінгі күнде бірте-бірте жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, осы жылдың бес айы бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарына – 35 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 176 адам, тұрақты, уақытша, маусымдық жұмыстарға 275 адам жолданған. Бұл көрсеткіштер берілген жоспардан асыра орындалып отыр. Сонымен қоса, сәуір айынан бастап жұмыссыздар есебінен 9 адам – М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжінде тракторшы-машинист мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік білім алуда. Ал, бағдарламаның екінші бағыты бойынша 42 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша Қарқаралы қаласында 1 айлық кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып жатыр. Кейіннен бұл адамдардың несие алуға толық құқы бар. Жалпы, аудан бойынша биыл аталмыш жоба аясында 186 адамды оқыту жоспарда тұр.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button