Жаңалықтар

Белсенді жастар – жарқын болашақ

    Жас азаматтардың қоғамдық мәселелерді талқылауға қатысуы және жастар арасында жергілікті атқарушы органдардың беделін көтеру үшін жағдай жасау мақсатында «Жастардың өзін-өзі басқару күні» қалалық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның іріктеу кезеңі («Өзін-өзі басқару неден басталады?» тақырыбында эссе жазу) жақында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтті.

    Тікелей қала әкімдігінің қолдауымен Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы «Ради будущего» ҚБ-мен бірлесе отырып өткізген акцияға осындағы жоғарғы оқу орындары, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің студенттері және жалпы орта білім беретін мекемелердің оқушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 63 адамды құрады.

Қарашаның 9 күні Жастар ресурстық орталығының базасында комиссия мүшелерінің отырысы өтті. Комиссия мүшелерінің құрамына Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының, Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының, Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының өкілдері және «Ради будущего» ҚБ жетекшісі кірді. Комиссия мүшелері отырысының қорытындысы бойынша келесі кезеңге 13 адам өтті. Атап айтатын болсақ, олардың қатарында Анастасия Башкатова (№101 мектеп-лицейі), Сара Қадырова (№76 ЖББОМ), Тоғжан Бақбергенова (№ 86 ЖББОМ), Мария Кучерова (№ 27 ЖББОМ), Артур Витолс (№ 97 гимназия), Станислав Аймагамбетов (№ 45 гимназия), Алтынай Несіпбек (Шет тілдер колледжі), Юрий Михуля (Қарағанды коммерциялық колледжі), Роза Аманжолова (Қарағанды техника-құрылыс колледжі), Рийган Рахатжан («Болашақ» маңызы білім беру колледжі), Айдар Болатов (ҚарМТУ), Татьяна Гордеева (ҚарМТУ), Дарын Әбілжанов (ҚарММУ) бар.

Қарашаның 16 күні Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханада «Өзін-өзі басқару күні» қалалық акциясының бірінші кезең қатысушылары баяндамаларының презентациясы өткізіліп, шараның қорытындысы жарияланды. Презентация қорытындысы бойынша Риза Мукеева қоластында жұмыс жасайтын Тоғжан Бақбергенова (№86 ЖББОМ), Тайхан Қалмаханов қоластында жұмыс жасайтын Юрий Михуля (Қарағанды коммерциялық колледжі), Ирина Любарская қоластында жұмыс жасайтын Татьяна Гордееваны (ҚарМТУ) комиссия мүшелері келесі кезеңнің қатысушылары деп таныды.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button