Белсенді қатысуға шақырамыз!

Кәсіпкерлер,

патент жүргізушілер, патенттік сенім білдірушілер, өнертапқыштар, авторлар және басқа да мүдделі тұлғалар назарына!

Белсенді қатысуға

шақырамыз!

2016 жылғы 10 қарашада сағат 11:00-де Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша қоғамдық талқылау өткізіледі.

Заң жобасының және Тұжырымдаманың мәтіндері 2016 жылғы 14, 17, 20 қыркүйектегі № 101, 102, 103 «Юридическая газета», «Заң газеті» басылымдарында, Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz және Зиятркерлік меншік құқығы институтының www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналасқан.

Талқылау жоспарланған мәселелер тізімі:

заң жобасын таныстыру;

тауар таңбаларына тіркеуге және сараптамаға өтінімдерді сараптама ұйымына түскен сәттен бастап жариялау туралы;

патент заңындағы түзетулер туралы;

шарттарды тіркеу тәр­тібін жеңілдету туралы;

сотқа дейінгі дауларды шешу мүмкіндігін кеңейту туралы;

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына түзетулер туралы;

талқылау;

аяқталу бөлімі, қорытынды.

Қатысушыларды тіркеу: intellkrg@mail.ru электронды адресі және 419361, 420534 байланыс телефондары арқылы жүргізіледі.

Қарағанды облысы

Әділет департаментінің

Зияткерлік меншік

құқықтары бойынша бөлімі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.