Жаңалықтар

Белгілі журналист мереке қарсаңында велошеру өткізді

Белгілі журналист Ернат Мелсұлы Республика күніне және Түрік Республикасының 100 жылдығына орай 100 шақырымдық велосапарын бастады. Веломарафон «соло» тәсілінде өтеді. Веломарафоншы сапарын Түркия елшілігінен бастап, Астананы бір айналады. Велошеруді Ататүрік ескерткішінің алдында аяқтауды жоспарлап отыр.

Сурет: кейіпкердің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Веламорофон бүгін сағат 10:00-ден Түркияның Қазақстандағы Елшілігі ғимаратының жанынан басталды. Велошеруге Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу қолдау көрсетті.

– Қазақ пен түрік – тегі, тарихы, тілі, ділі, діні жақын бауырлас халықтар. Біз мұны жақсы білеміз және өте бағалаймыз. Анадолыда тұратын түріктердің атажұрты – Қазақ елінде, алтын бесігі – Алтай. Ататүрік бастаған түрік қайраткерлері Түрік Республикасын құрып жатқанда Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстары Қазақ Республикасының негізін қалады. Бұл 1917 жыл. Бізге қазақ пен түріктің арасындағы жақындықты, бауырластықты, туыстықты тереңдете беру керек. Екі елдің азаматтары осы идеяларға шама-шарқынша үлес қосуы тиіс, – деді Ернат Мелсұлы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button