БЕЛЕСКЕ БАСТАР ЖОЛ

    Мемлекеттік басшысының халыққа арналған Үндеуі еліміздің дамуындағы жаңа белеске бастаған маңызды тарихи оқиғаның бірі деп санаймын. Бұл – осы заманғы мемлекеттің және келешек жастардың болашағы үшін жасалған жаңа қадам. Онда айтылған конституциялық реформалар біздің еліміз бен қоғамымыз үшін қағидатты маңызға ие. Бірінші кезекте, Презиенттің тарапынан айтылған Үндеудің еліміз үшін экономикалық және саяси тұрғыдан өте жоғары мәнге ие екендігін атап өткім келеді. Елбасының бұл мәлімдемесі қоғамның, мемлекеттің алдында тұрған көптеген мәселелерге толыққанды жауап береді. Сонымен қатар, мұндай шешім Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілікті күшейте отырып, Үкіметтің ел алдындағы әлеуметтік – экономикалық салаларға деген жауапкершілігін арттырады деген ойдамын. Енді жаңа тәртіпке сай, Үіметтің өкілеттілігін бұрынғыдай Президенттің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдында тоқтату көзделіп отыр.

    Бұл жасалынып жатқан жұмыстардың бәрі Қазақстан мен оның әлем таныған болашаққа нық сенімінің көрінісі деп бағалаған жөн.

Думан Түсенов,

аудандық мәслихат депутаты,

аудандық жастар орталығының директоры.

Абай ауданы

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.