Басты тақырыпСпорт

Бекарыс – бірінші

    Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғына және жауынгер-интер­националистердің құрметіне орай, біздің облыста таэквондо турнирі өтті. Дәстүрлі додада қарағандылық Бекарыс ҚАЗЫБЕКОВ топ жарды.

Бекарыс – Қарағандыдағы №15 мектептің 4 «А» сыныбының оқушысы. Жаттықтырушысы – Мадияр Жүнісов. Талай шәкірттің қияға қанат қағуына сеп болып жүрген ұстаз, білікті бапкер. Сондай-ақ, М.Жүнісов баптайтын жас спортшы Асанәлі Құрмантаев та жеңіс тұғырынан көрінді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 400-ден астам спортшы Қарағанды жеріне табан тіре­ген. Олар жасөспірімдер және олим­пиадалық жастағы ересектер ара­сындағы салмақ дәрежесінде өзара бақ сынасқан.

Бес жасынан спортқа бейім­ділік танытқан жас спортшы – Бек­арыстың алар асуы алда.

Алтындай үмітіміздің арманы асқақ. Қарағанды облысынан шық­қан Серік Сәпиев, Геннадий Головкин сияқты әлемді аузына қаратқан спортшы болу.

Біз де тілектеспіз!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button