Қарқаралы

Батыр буынға – ұрпақ құрметі

      9 мамыр күні Тегісшілдік ауылында «Жаужүрек полк» атты шеру ұйымдастырылды. Мақсаты – Ұлы Жеңіс жолында жандарын пида еткен боздақтарды еске алу және Ұлы Отан соғысының ардагері Сапарғали Құрманғалиев атамызға құрмет көрсету, болашақ ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетін сіңіру.

Шеруге ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен ауыл әжелері қатысты. «Жаужүрек полк» шеруі №6 орта мектеп жанынан басталып, ауыл ішін аралап, Ұлы Отан соғысының ардагері Сапарғали Құрманғалиев атамыздың үйіне барып құрмет көрсетті. Батыр атамыз сұм соғыстың қайталанбауын тілеп, ауыл халқына ақ батасын беріп, «АКМ» автоматынан үш рет оқ атып, шеруге қатысушыларға құрмет көрсетті.

Бұдан әрі шеруге қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтарға арналған ескерткіш маңына барып, Отан үшін жандарын қиған ағаларымыз бен аналарымызға құран бағыштап, ауыл ақсақалдары мен әжелері боздақтардың есімі, ерлігі мәңгілік ұмытылмайтынын айтты. Жас ұрпақты білім алып, ғылымға ұмтылып, елдің дамуына қызмет етуге шақырды. Шеру соңы мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Сұм соғысқа Тегісшілдік ауылдық округінен барлығы 244 адам қатысып, оның 139-і елге оралмады.

Нұржан КӨШКІНБАЙ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button