Қарқаралы

Басты мақсат – медицинаны дамыту

     Биылғы жылдың 1 шілдесінде енгізуді көздеп отырған медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке бірдей қол жеткізуге кепілдік береді. Ал, жалпы міндетті медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыруға Қарқаралы аудандық орталық ауруханасында толық жағдай бар.

Бүгінде аудан халқына 1 аудандық аурухана, 1 клиника-диагностикалық емхана, 2 селолық учаскелік аурухана, 10 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік акушерлік пункті, 30 медпунктінде медициналық көмек көарай 4рсетіледі. Денсаулық сақтау мекемелерінің 98,1 пайызы ауылдық жерде орналасқан.

Аудан бойынша медициналық емдеу мекемелерінде 43 жоғары білімді дәрігер еңбек етуде, 2017 жылдың 4 ақпанынан аудандағы 42 орта мектеп медицина қызметкерлері аудандық аурухана балансына берілді, қазіргі уақытта ауданда 293 орта буын медицина қызметкерлері жұмыста.

Қазіргі уақытта 3 дәрігер және 22 орта медицина қызметкері жоғары дәрежелі, 18 дәрігер және 22 орта буын медицина қызметкерінің І-ІІ санаты бар. Кәсіби деңгейін жоғарылату үшін 66 дәрігер, 115 медбике білімін жоғарылатты. Бірақ, маман дәрігерлердің жетіспеушілігі орын алуда.

2016 жылы Бүркітті, Көктас және Аппаз ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетуде. Қарағайлы ауруханасында 2 терапевт, 1 стоматолог, 25 орта буын қызметкері жұмыс жасайды. Аудандық ауруханадан хирург, бала дәрігері барып қабылдау жұмыстарын жүргізеді.

Егіндібұлақ елді мекенінде жалпы практикалық дәрігер жұмыс жасайды. Емханасында тіс емдеу кабинеті жұмыс жасап тұр.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының «Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету» және «Балалар жасындағы ауруларды бірігіп зерделеу» бағдарламаларын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Жүкті әйелдерге медициналық көмек перзентхана ұйымдарын өңірлендіру ұстанымдарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Жоспарлы түрде аудандық мамандар Қарағайлы және Егіндібұлақ, ауылдарына, елді мекендерге барып консультациялық және тәжірибелік көмек көрсетеді.

Туберкулез ауруының алдын алу, анықтау, емдеу мақсатында біраз жұмыстар жүргізілді. 2015-2016 жылдары туберкулездің асқынған түрі тіркелмеген. Флюорографиялық зерттеуден өту де жүйелі.

Алдын алу тексеру жұмыстары 100% орындалуының арқасында, қатерлі ісік дертін ерте анықтау мүмкіндігі туды. Жүрек қантамыр ауруларын анықтау жағдайында алдын алу шаралары жүргізілуде. 2015 жылға қарағанда 2016 жылы жедел миокард инфарктісі 2,5 % азайған. Жедел миокард инфарктісі кезінде жүргізілетін тромболитикалық ем жасау сапасы 30% артқан.

Егіндібұлақ селолық ауруханасында және Қарқаралы аудандық ауруханасында телемедицина кабинеті жұмыс істеп тұр.

Салауатты өмір салтын насихаттауда, бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Аурудың алдын алу мақсатында колледж, лицей, аудан мектептерінде айлықтар, онкүндіктер өткізіліп, туберкулез, ЖИТС, нашақорлықтың алдын алуда диктант, шығармалар жазылды.

Денсаулық бағдарламасы бойынша емханада денсаулық мектептері жұмыс жасайды.

Емханада науқастарды тіркеу және дәрігерлерге дейін жетуді қамтамасыз ету үшін «Электрондық тіркеу» жобасы енгізілді. Сонымен қатар, интернет сайттары арқылы дәрігерге жазылу немесе оны үйге шақырту мүмкіндігі қарастырылды.

Аудан тұрғындары арасында түрлі аурулар салдарынан өлім-жітімді төмендету және орташа өмір сүру ұзақтығын арттыруда 2016 жылы қабылданған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда Жол картасы жұмыс жасайды. Жол картасы бойынша ауданның дәрігер мамандары ауданға қарасты елді мекендерді аралап, жыл бойы тұрғындарға медициналық қызметтер көрсетеді.

С.СҮЛЕЙМЕНОВА,

аудандық орталық аурухана директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button