Басты мақсат-ұлттық мүдде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында елімізді рухани дамуға бағыттайтын «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» секілді бағдарламалардың мақсатын айқын көрсетті. «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бөлімінде ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтудің алғышарттарын атады. Елбасы: «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», – деді. Әлбетте, бірегейлікті сақтауда жас толқын үшін алдымен, бабалар аманаты, сондай-ақ, ұлттық құндылық бірінші орында тұруы тиіс. Осы жолда ұлттық рухымызды көтеретін тарихи дүниелерден ажырамай, шынайы патриотизмді қалыптастыруымыз керек. Қазіргі таңда Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заманауи жаңашылдықтарға төтеп бере алатын мамандар қызмет атқарады. Олар өз кәсібінің нағыз шеберлері атану жолында талмай еңбектенеді. Еліміздің жоғары оқу орындарының барлық оқытушылар құрамы білімнің салтанат құруын мақсат етіп, ғылымға тереңнен ұмтылар болса – үміт пен сенімнің ақталғаны.

Байжол КӘРІПБАЕВ,

Е.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті философия және психология

факультетінің деканы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.