Жаңалықтар

Баспанамен қамтылады

   Биылғы жылы Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде 24 пәтер кілті тапсырылмақ. Аталған фүйлер мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғызылуда.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қазір екі үйдің құрылысы тәмамдалған. Бір үйде – 16 пәтер болса, екіншісінде – 8 пәтер орналаспақ. Қазір бұл үйлердің құрылысы аяқталды.

Бұдан бөлек, Атасу кентінде әрқайсы 16 пәтерлі үш үйдің құрылысы жалғасуда. Яғни, келер жылы тағы 48 отбасы баспанамен қамтылмақ.

Жаңа шағын аудан «Жаңа Нұр» деп аталатын болады.

Бүгінгі таңда Атасу кентінде алты жүзден астам адам үй кезегінде тұр. Аудан басшылығы 2022 жылға дейін бұл азаматтардың барлығын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Back to top button